Бараев атындағы ҒӨО-ның астық тұқымдарына сұраныс жоғары

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Шортанды ауданында көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сапар барысында аймақ басшысы Мәлік Мырзалин А.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықта астықтың жаңа тұқымдарын дайындау жұмыстарына назар аударды.

«Ғылыми-зерттеу жəне тəжірибе жұмыстарын жүргізу үшін базалық инфрақұрылым талапқа сай қалыптасқан»,-деп атап өтті орталық басшысы Жексенбай Қасқарбаев.

1

«Бидай жəне майлы дақылдардың, көпжылдық екпе шөптердің əлденеше түрлерін будандастыра отырып, түсімі мол жаңа сорттарды дайындау үстіндеміз. Мұндай ғылыми қуаты жаңа сорттарды дайындауға толық жететін орталық елімізде біреу ғана. Біздің диқандарымыз «Ақмола 2» жəне «Астана» тəрізді бидай сорттарын жоғары бағалайды. Бұл сорттардың кез келген жылдары қамырлылығы өте жоғары болады. Сонымен бірге, «Шортанды жетілдірілген 95» тұқымы да, арпаның «Астана 2000» жəне «Целинный 2005», күнбағыстың «Сочинский» тұқымдары тəуір бағаланып жүр. Ғылыми орталықтың негізгі тұтынушылары Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан жəне Батыс Қазақстан облыстары.

«Елбасының тапсырмасына орай, облыстағы ауыл шаруашылығы секторын одан əрі дамыту негізгі міндеттердің бірі. Ол үшін ғылымның бар қуатын пайдалана отырып, өнім көлемін арттыру қажет», - деді Мəлік Мырзалин.

2

«Жаңа заманда ғылым мен өндірісті тығыз байланыстырып, ауыл шаруашылығының дамуына берік негіз қалануы қажет. Жаңа технологиялар мен озық тəжірибелерді игеріп, ауыл шаруашылығы тауарларының сапасын арттырып, санын да көбейтуге əрі ол жолда диқандардың мүмкіндігінше аз шығынмен жұмыс істеуіне қол жеткізуіміз қажет».

Өңір басшысы ғалымдарға əрбір аудан үшін жеке-жеке, көктемгі егістің өзіндік ерекшеліктерін, табиғатының, топырақ құнарының əртүрлі екендігін ескере отырып, арнайы бағдарлама дайындауды тапсырды.

3

«Петровский» акционерлік қоғамының егіс алқаптарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілерімен кездескен сəтінде Мəлік Кеңесбайұлы тұқым, техника, механизаторлардың орташа еңбекақысы туралы сұрап білді. Аталмыш акционерлік қоғам мамыр айының 28-іне дейін негізгі дақыл - бидайды сеуіп бітірмек. Егіс науқанына жоғары өнімді «HORSCH» фирмасының егіс кешендері қатыстырылуда. «Нұр Астық», «Новокубанский» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жетекшілері өз шаруашылықтарындағы машина-трактор паркінің дайындығы, жанар-жағармай қоры, агротехникалық талаптарды қатаң сақтау мəселелері туралы жағдайды баяндап берді.

Сонымен қатар, облыс әкімі Шортанды селосындағы көшелердің санитарлық тазалығы мен көгалдандыру жайына көңіл бөлді.

Соңғы жаңалықтар