«Baqytty Bala» халықаралық фестивалі: Қатысушылар Димаштың әндерін орындады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Baqytty Bala» Халықаралық ән фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің жеті елінен барлығы 20 қатысушы іріктелген байқаудың бүгін – екінші күні. Талап бойынша өнерпаздар әлемге танымал әндерді шырқайды. Өнерпаздардың дайындығы мен олардың демалысы жіті ұйымдастырылған. Балаларға түрлі жарыс ұйымдастырылып, олардың арасындағы достықты нығайтуға бар жағдай жасалған. Өнерпаздар көңілді кеште Димаш Құдайберген орындайтын әндерді шырқады.



«Ақтөбеге екінші рет келдім. Бұған дейін Бейбіт Оралұлы атындағы конкурсқа келіп, әділқазы болдым. Ал, бұл жолы жаңа конкурстың куәсі болып отырмын. Байқау өте сәтті ұйымдастырылған. Өнерпаздардың әр қадамы жоспарланған. Ал жас әншілерді әр елдің, өңірдің үздіктері дер едім. Олар іріктелді, таңдалды. Сүзгіден өткені ғана шақырылып, сахнада өнер көрсетіп жатыр. Алғашқы күні балалар өз ана тілінде ән шырқады. Залдағы дыбыс қою техникасы да ерекше», - деді әділқазылар алқасының мүшесі Николай Текелиев.

Айта кетейік, 11 тамыз күні байқаудың гала концерті өтеді. Оның барысында жеңімпаздар марапатталады.

Бұған дейін хабаралғанамыздай, байқауға барлығы 200-ге жуық адамнан өтініш түскен. 2018 жылдан бері өтіп келе жатқан өнер додасының ұйымдастырушылары - «Хабар» арнасы және «Димаш Али» шығармашылық орталығы.



Соңғы жаңалықтар