«Baqytty Bala-2022» байқауына қатысушыларды қолдауға Димаштың шетелдік жанкүйерлері келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Baqytty Bala-2022» байқауына қатысушыларды қолдауға Димаш Құдайбергеннің шетелдік жанкүйерлері келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Жас әншілердің өнерін қолдау үшін Димаштың Польша, Ресей және Қазақстанның әр аймағындағы жанкүйерлері Ақтөбеге келген. Олар кеше «Baqytty Bala» IV балалар вокалдық байқауының өнерпаздарына арналған баспасөз конференциясына қатысқан. Қолдау көрсетушілер арасында Башқұртстаннан Ақтөбеге жеке көлігімен келген жанкүйерлер де бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде «Baqytty Bala» балалар фестивалі өтіп жатқанын хабарлап едік. Оған әлемнің бірнеше елінен келген 21 өнерпаз қатысуда. Байқаудың жеңімпаздары бүгін сағат 19:30-да өтетін Гала-концертте анықталады.



Соңғы жаңалықтар