Банктерге қандай комиссиялар алуға тыйым салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда екінші деңгейлі банктерге қандай комиссияны талап етуге тыйым салынғанын Ұлттық банкте айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16-шілдеден бастап «ҚР Қаржылық қызмет  тұтынушыларының құқығын қорғау мақсатында валюталық реттеу мен бақылау туралы заңы» қолданысқа енгізілді. Осыған орай банктер коллекторлық агенттіктерде қаралған қарызды жабу кезінде комиссия талап ете алмайды», - деді банктен.

«Проблемалық ипотекалық несиесі бар тұтынушыларды қолдау мақсатында банктерге кепілдемеде тұрып, кейін банк меншігіне өткен баспананы жалға беруге рұқсат берілді», - деді хабарламада.

Сонымен қатар, Ұлттық банк ҚР Әділет министрлігімен біріге отырып, банктерде алименттік төлем үшін ашылған шоттардағы ақшадан қарыз жабуға тыйым салу туралы ұсыныс берді.

Мұның алдында, банктерге ипотекалық несие үшін комиссия алуға тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар