Банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 2 ақпанынан бастап банктерге ипотекалық заем төлеу мерзімі 180 күн өтіп кеткеннен кейін есептелінген сыйақыны алуға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

«Бұл түзету жеке тұлғаны (заемшыны) сыйақы бойынша қарызының өсіп кетуінен қорғап, банктердің борышкерге қатысты дер уақытында шара қабылдау жауапкершілігін арттыратын болады», - делінген Әділет министрлігі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2019 жылдың 21 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңға түзетулер енгізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар