+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Банктердің меншікті капиталын есептеуге қойылатын талаптар жеңілдеді

2020 жылғы 2 қыркүйек 09:48
Бөлісіңіз:
Банктердің меншікті капиталын есептеуге қойылатын талаптар жеңілдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Банктердің меншікті капиталын есептеуге қойылатын талаптар жеңілдейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Отбасы банкі» зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайтты жариялады «Отбасы банкі» басшысы зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылданатын нақты мерзімді атады Қазақстанда банк, ломбард және басқа да қаржы ұйымдарының жұмыс режимі өзгерді

«Мемлекет басшысы екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін бизнесті кредиттеуге бағыттау жөнінде шара қабылдауды тапсырды. Кәсіпкерлерді кредиттеуді ынталандыру үшін агенттік осыған дейін банктердің капиталы мен өтімділігін босату мақсатында реттеуді уақытша әлсіретті. Атап айтқанда, 30 қыркүйекке дейін шағын және орта бизнес кредиттері мен синдикатталған кредиттер бойынша сараланған тәуекелді азайту есебінен банктердің меншікті капиталын есептеуге қойылатын талаптар жеңілдеді. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін екінші деңгейдегі банктер капиталының консервациялық буферіне қойылатын талап 1 пайыздық тармаққа төмендетілді. Банктер өтімділігінің коэффициенті бойынша талаптар жеңілдеді», - деді агенттік төрайымы.

Оның атап өтуінше, бұл банктердің 468 млрд теңге мөлшеріндегі капиталын және 1,8 трлн теңге мөлшеріндегі өтімділігін босатуға мүмкіндік берді.

«Экономиканы кредиттеуді ынталандыру үшін агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп, қосымша шараларды, оның ішінде пруденциялық реттеудің уақытша шараларын ұзарту бойынша шараларды әзірлейді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT