Банктердің меншікті капиталы 4,9 трлн теңгеге жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қыркүйек айында Қазақстандағы банктердің меншікті капиталы 07 пайыз артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Банктердің меншікті капиталы ағымдағы жылғы қыркүйекте 0,7%-ға 4,9 трлн теңгеге дейін өсті. 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 17,6%-ды, меншікті капитал (к2) – 20,9%-ды құрады. Бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді», - делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Ресми дерек бойынша, қыркүйекте банк секторындағы клиенттер салымы 4,1% артып, 29,4 трлн теңгеге дейін ұлғайған.

«Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы қыркүйекте 4,6% немесе 18,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында депозиттер - 0,7% немесе 10,4 трлн теңгеге дейін өсті. Яғни, 2022 жылдың басында долларлану деңгейі 36% болса, 1 қазандағы жағдай бойынша 35,6%-ды құрады.

Базалық мөлшерлеменің артуы аясында қорландыру құны ұлғаяды. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы қыркүйекте 12,4%, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12,2% болып отыр»,- деді агенттік.


Соңғы жаңалықтар