Банктердің кредиттік портфелінің күйзелістерге ұшырағыштық деңгейі бұрынғыдай жоғары - ҚР Ұлттық банкі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Банктерінің кредиттік портфельдің күйзелістерге ұшырағыштық деңгейі бұрынғыдай жоғары болып қалуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есебінде баяндалды.

«Банктердің андеррайтинг стандарттарын жақсартуына қарамастан, кредиттік портфельдің күйзеліске ұшырағыштық деңгейі бұрынғыдай жоғары болып қалуда. Жұмыс істемейтін қарыздардың жинақталған тарихи деңгейі банктердің кредиттік портфелінің тәуекелі құрылымының жақсаруын тежеуде. Жұмыс істемейтін қарыздардың 70%-ға жуығы дағдарыстың алғашқы жылдары кезеңінде, яғни 2009 жылға дейін берілген», - делінген есепте. Сала бойынша қарастырғанда әлеуетті дефолттардың ең көп үлесі сауда, құрылыс және өңдеу өнеркәсібіне тиесілі екендігі анықталды. Ал банктерге ауыл шаруашылығы, құрылыс және тау-кен өндіру кәсіпорындарына жататын қарыз алушылардың дефолты ең көп шығын әкелген. Есепте баяндалғандай, соңғы екі жылда кепілсіз тұтынушылық кредит берудің жылдам өсуі байқалады. Халықтың борыштық жүктемесінің төмен деңгейі тұтынушылық кредиттерді одан әрі өсіруге әкеп соқтыруда. Мәселен, бірден аспайтын кредиті бар қарыз алушылардың үлесі Қазақстанда - 75%, Ресейде - 64% құрайды. Сонымен бірге, бір қарыз алушыға келетін қарыздардың орташа саны Қазақстанда - 1,3 және Ресейде - 2,1 болды.

Соңғы жаңалықтар