Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2014 жылғы ақпанда 6,7%-ға өсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2014 жылғы ақпанда 12069,4 млрд. теңгені құрап, 6,7% өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 7940,6 млрд. теңгеге дейін, яғни 0,3%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы кредит көлемі 4128,8 млрд. теңгеге дейін, яғни 21,4%-ға өсті. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы бір айда 69,9%-дан 65,8%-ға дейін төмендеді. Ұзақ мерзімді кредиттеу 2014 жылғы ақпанда 9730,2 млрд. теңгені құрап, 6,0%-ға көтерілді, қысқа мерзімді кредиттеу 2339,2 млрд. теңгеге дейін 9,6%-ға өсті. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы бір айда 81,1%-дан 80,6%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 2014 жылғы ақпанда 8279,8 млрд. теңгеге дейін 8,0%-ға артты, жеке тұлғаларға кредиттер 3789,6 млрд. теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 32,3%-дан 31,4%-ға дейін азайды», делінген хабарламада. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2014 жылғы ақпанда 1370,7 млрд. теңгеге дейін - 7,2%-ға ұлғайды, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 11,4%-ын құрайды. Айта кетейік, салалар бойынша банктердің экономикаға берілген кредиттерінің анағұрлым айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі - 19,1%), құрылыс (12,2%), өнеркәсіп (11,4%), көлік (3,7%) және ауыл шаруашылығы (3,5%) сияқты салаларға тиесілі.

Соңғы жаңалықтар