+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Банктер телекоммуникация саласына рекордтық көлемде несие бөлді

2020 жылғы 4 ақпан 10:23
Бөлісіңіз:
Банктер телекоммуникация саласына рекордтық көлемде несие бөлді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы банк секторы телекоммуникация саласына рекордтық көлемде қарыз бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды 84 мыңнан астам қазақстандық несиесін кейінге шегеруді өтініп, банкке жүгінген Несие төлемін кейінге шегеру мүмкіндігі кімдерге беріледі

«2019 жылдың желтоқсан айында ақпарат және байланыс саласында берілген несие көлемі 4,6 млрд теңгені құрап, бұл көрсеткіш бір ай бұрынғы деңгейден 22,1 пайызға төмен. Сонымен қатар, 2018 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 9,1 пайызға аз болды. Өткен жылы берілген несиелердің ең қомақты сомасы мамыр айында тіркелді, яғни 94,2 млрд теңгеге жетіп, рекордтық көрсеткішті байқатты. 2018 жылы бұл салада берілген қарыздың ең жоғары сомасы маусым айында тікеліп, 19,6 млрд теңге деңгейінде болған еді» делінген хабарламада.

Жалпы, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында ақпарат пен байланыс саласында берілген несие көлемі рекордтық 131,8 млрд теңгеге жетті. 2018 жылға қарағанда өсім 2,6 есені құрады.

Өткен жылдың соңында байланыс пен ақпарат саласындағы неселер портфелі 128 млрд теңгені қамтып, бір жылғы деңгейден 78,1 пайызға жоғары болды. Осыған дейін екі жыл қатарынан сектордағы несие көлемі төмендеген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT