Банктер клиенттердің төлем қабілетіне қойылатын талаптарды қатаңдатуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық тарапынан ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныстың өсуі кепілзаттық және кепілсіз кредиттер бойынша сұраныстың өсуіне әсер етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жекелеген банктердің маркетингтік акция жүргізуі тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың артуына оң әсерін тигізді. Екінші жағынан, қаңтарда енгізілген төтенше жағдай режимі және ресейлік банктерге қарсы санкциялар есепті тоқсанда кепілдік және кепілсіз кредиттер бойынша өтінім санының, тиісінше, 16% және 10% төмендеуіне әсер етті. Өз кезегінде, тұтынушы кредит шарттары клиенттердің төлем қабілетіне қойылатын талаптарды арттыру бағытында күшейтілді. Ал сыйақы мөлшерлемелерінің артуы салдарынан банктер өнімдердің скорингтік моделі бойынша шекті мәнін қайта қарай бастады», - делінген Банктің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар