Банктер ипотеканы қайта қаржыландырудан 760 рет негізсіз бас тартқан

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда банктер ипотеканы қайта қаржыландырудан 760 рет негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі ипотекалық борышкерлердің шағымын қарайтын арнайы комиссияның жұмысын қорытындылады.
2015 жылдың басынан бастап арнайы комиссияның талқылауына 5168 шағым түскен.
Оның ішінде 2650 адамның өтінішінің қанағаттандырылмағанына толық негіз бар. Ал банктер 760 өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан.
1688 адамның өтінішін арнайы ипотекалық бағдарлама талаптарының өзгеруіне байланысты қайта қаржыландыруға болады.
Қалған 70 өтініш комиссия қарауында жатыр.
Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
«Қазір комиссия қарауында 70 өтініш жатыр. Әр өтініш бойынша медициналық ұйымдар, әлеуметтік ұйымдардың қорытындысы келтірілген. Бұл шағымдар әр азаматтың жеке жағдайына қатысты қаралатын болады. Биылдан бастап әлеуметтік жағынан аз қамтылған борышкерлерге қатысты ипотекалық бағдарламаға өзгерістер енгізілді», - деді ҚР Қаржылық нарықты реттеу және дамыту Агенттігінің Алматы өңірлік басқармасының басшысы Сәлима Джурунова.
Оның айтуынша, банктердің барлығы бірдей адамдарды әлеуметтік аз қамтылған топқа жатқыза бермейді. Оны дәлелдеу үшін тұтынушы заң бойынша сотқа жүгінуі тиіс.
«Коммерциялық банктер көбінесе біздің ұсыныстарды орындай бермейді. Мұндай жағдайда біз өтініш берушінің мүддесін қорғауға тырысамыз. Комиссия шешіміне қарамастан банк неліктен бас тартатынын анықтаймыз. Өтініш беруші сотқа арызданған жағдайда Агенттік оған барынша көмек көрсетеді», - деді соттан.
Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды 18 банк пен 3 ипотекалық ұйым жүзеге асырады.
- Алматыда медицина қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырған
- Қазақстан экономикалық еркіндік деңгейі бойынша елдер рейтингінде 40-орынға ие болды
- Келес ауданында құны 1 млрд теңгенің жобалары іске қосылады
- Алматыда ағаш қоймасынан өрт шықты
-
Полиция Туризм Академиясы президентінің кабинетінде түсірілген фотоны тексеріп жатыр
-
Дәрігер: Вакцинация – коронавирус инфекциясын жеңудің жалғыз жолы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам