Банктер акционерлердің туыстарына кепілдіксіз қомақты несие бере алмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі «Банкпен ерекше қатынасы бар тұлғаларға жеңілдік жасауға тыйым салу мәселелері туралы» қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Реттеушімен дайындалған жоба электрондық үкімет сайтында жарияланады.

Құжатқа сәйкес, акционерлер мен олардың туыстары үшін кепілсіз несиенің максималды мөлшері ұсынылды:

1) Банкпен жақын қарым-қатынасы бар тұлаларға меншікті капиталдың 0,02% мөлшерінде беріледі. Алайда қарыз сомасы 20 млн теңгеден аспауы тиіс.

2) Банктің директорлар кеңесі мүшелеріне және оның беделді үлескерлеріне берілетін несие меншікті капиталдың 0,02% мөлшерінде болады (талап қарыз беру немесе қаржыландыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді).

Айта кету керек, жоба шектеулерінің төмендегі мекемелерге қатысы жоқ.

Банк бірлестіктері (кәсіподақтар); жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері; Қазақстанның орнықты даму қоры; ENPF; халықаралық қаржы ұйымдары; мемлекеттік органдар; Стресс активтері қоры; ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес аффилирленген тұлғаға жатпайтындар шектелмейді.

Құжаттың толық нұсқасымен көрсетілген сілтеме арқылы танысуға болады (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1987388). Қоғамдық талқылау 18 қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар