Банктер 2,5 мыңнан астам қарыз алушының ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландырды - Үкімет басшысы

None
None
ырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ипотекалық қарыздар  бюджет саласы қызметкерлері үшін 9 пайыздық ставкамен қаржыландырылады. Ал халықтың әлеуметтік жағынан алғандағы әлсіз топтары үшін бұл көрсеткіш 11 пайызды құрап отыр. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» екінші деңгейлі банктерге 120 млрд. теңге аударды. Қазіргі уақытта банктер 10,3 млрд. теңгеге 2,5 мыңнан астам  қарыз алушының ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландырды.

 Бұл мәселе жөнінде бүгін  Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы мен Жол картасын іске асыруға арналған жиын барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, «Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамы әріптес банктерден ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алуды жүзеге асыруда. Бүгінгі күні акционерлік қоғам жалпы сомасы 13 млрд. Теңгеге жуық ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алды.

Соңғы жаңалықтар