Банкроттық рәсімдеген жеке тұлғаға қандай шектеулер қойылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде банкроттық рәсімдеген жеке тұлғаға қандай шектеулер қойылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Банкроттық рәсімдеген азаматтар әуелі 5 жыл бойы несие алудан шектеледі. Қайтадан банкроттық рәсімдеу үшін арада 5 жыл уақыт өтуі керек. Мысалы, заң жобасы ендігі жылы күшіне енді деп есептейік. Сонда 2023 жылы банкрот деп танылса, қайтадан банкроттық рәсімдеу үшін 7 жыл күтеді. Демек, 2028 жылы ғана қайтадан банкроттық рәсімдей алады. Банкроттықтан кейін оны рәсімдеген жеке тұлғаның қаржылық жағдайына 3 жыл көлемінде мониторинг жүргізіледі. Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде бар. Себебі, қасақана банкроттық рәсімдегендерді анықтауға осындай тәсіл қолданылады

, - деді Ержан Біржанов.

Сондай-ақ, ол жеке тұлғаның банкроттығын оның атынан сенім білдірілген тұлғалар, туған-туыстары рәсімдей алмайтынын ескертті. Демек, банкроттық рәсімі борышкердің өзінің қатысуымен ғана жүзеге асады.

Айта кетсек, мойнында проблемалық қарызы барлардың 96 пайызы соттан тыс банкроттық рәсімдеуі мүмкін. Заңды тұлғаларды банкрот деп тану механизмі проблемалық қарызы 4,9 млн теңгеден асқандарға да қолданылады.

Сондай-ақ, қаржылық «сауықтырудың» банкроттықтан артықшылығы қандай екені жазылды.


Соңғы жаңалықтар