Банкоматтың техникалық қателігін пайдаланған 38 ресейлік қыруар соманы алып кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы облысындағы Калачинск қаласының 38 тұрғыны банкоматтағы ақауды пайдаланып, 2,5 млн-ға жуық рубльді заңсыз иеленгені үшін сот алдында жауапқа тартылуы мүмкін. Жергілікті тұрғындардың біреуі ғана өз еркімен банкке ақшаны қайтарды, қазір оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, деп хабарлады ресейлік tass.ru агенттігі.

«Омбы желілік полиция басқармасында қылмыстық істер тергеліп, Омбы облысының тұрғындарына қатысты тергеу алдындағы бірқатар тексерістер өткізілуде», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Калачинск стансасындағы теміржол вокзалында орнатылған банкомат белгісіз себептермен номиналы бір мың рубльдің орнына бесмыңдық купюралар бере бастаған. Осыны пайдаланған тұрғындар банкоматтан қыруар қаржыны алып кетіп, өз керектеріне жаратқан.

Соңғы жаңалықтар