Банкоматтарда неге ұсақ ақша болмайды- Ұлттық банк басшысының жауабы
2018 жылғы 22 ақпан 12:22
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында екінші деңгейлі банктердің банкоматтарында неге ұсақ ақша болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онлайн сауал қоюшы банкоматтарда үнемі ұсақ ақша болмайтынына шағым білдірді.
«Біз бұл мәселемен таныспыз. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді ақшаның барлық номиналдарымен қамтамасыз етеді. Бірақ банктерге ірі ақша салған тиімді. Себебі, бұл жиі ауыстыруды талап етпейді. Сонда олар инкассацияға кететін шығынды азайтуға тырысады», - деді Ақышев.
Оның айтуынша, Ұлттық банк банктерді мәжбүрлей алмайды.
«Қатаң талап жоқ. Алайда, егер Сізде шағым болса Ұлттық банкке онлайн режімде жүгіне аласыз»,- деді ол.
Басты сөздер:
ҚР Ұлттық банкі,
Банктер,
Алматы,
Экономика,
Қаржы,
Ұлттық банк төрағасының онлайн-конференциясы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Алматыда жаңа туған баланың денесі табылды
- Ұлықбек Есдәулет: Жазушылар одағы – әдебиеттің жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы
- Алматыда күдік тудырған жәшік үшін көшелерді жауып тастады
- Президенттің Германияға сапары стратегиялық серіктестіктің жаңа бағыт-бағдарын айқындады - Әсел Назарбетова
-
Алматыда 67 жастағы әйел мен баласы қандала өлтіретін құралдан уланып қалды
-
Бокстан конфедерация кубогы: Елорда құрамасы финалда бақ сынайды
Загрузка...
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER