Банкоматтар жаңа 20 мың теңгелік банкноттарды қашан қабылдай бастайды

None
АСТАНА ҚазАқпарат – Ұлттық банк елдегі банкоматтар жаңа 20 мың теңгелік банкноттарды қашан қабылдай бастайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екінші деңгейдегі банктер мен бизнес субъектілері (мысалы, төлем қызметтерінің операторлары) белгілі бір банкнотты қабылдау және беру үшін автоматты құрылғыларды өз бетерінше баптайды. Номиналы 20 000 теңге болатын жаңа үлгідегі банкноттың жаңартылған дизайны мен инновациялық қорғаныс элементтері бар. Осыған байланысты, екінші деңгейдегі банктер мен бизнес субъектілерінің банкоматтарды жаңа банктоттарды мүлтіксіз қабылдайтындай етіп бейімдеп, конфигурациялау үшін белгілі бір уақыт қажет болуы мүмкін», - деп жазылған Ұлттық банктің ҚазАқпарат редакциясының сауалына берген жауабында.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк Ұлттық банк қолма-қол ақшасыз төлемдер белең алып тұрған шақта 20 мың теңгелік банкноттарды не үшін шығарып жатқанын түсіндірген болатын.

«Қазақстан Ұлттық банкі жыл сайын экономикаға қажетті банкноттардың санын айқындайды, оларды дайындауды қамтамасыз етеді және айналысқа шығарады. Экономика субъектілерінің қолма-қол ақшаға деген қажеттілігіне байланысты номиналы 20 000 теңгелік айналымдағы банкноттарды айналымға шығару туралы шешім қабылданды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, қолма-қол ақша өзінің бірегей сипаттамаларына байланысты негізгі төлем құралдарының бірі болып қала береді», - деді Банк.

Соңғы жаңалықтар