Банк жүйесіндегі депозиттер 2,1 пайызға ұлғайды – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев депозиттердің долларлану деңгейі төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері банк жүйесіндегі депозиттер 22,5 тлрн теңгеге дейін 2,1 пайызға ұлғайды, оның ішінде ұлттық валютада – 3,9 пайызға немесе 14,4 тлрн теңгеге дейін 535 млрд теңгеге. Шетел валютасында 0,9 пайызға немесе 8,2 тлрн теңгеге дейін 77,5 млрд теңгеге азайды», - деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурызда елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын талқылау кезінде.

Оның айтуынша, депозиттердің долларлану деңгейі 2021 жылғы ақпанда 2013 жылдан бергі ең төменгі мән 36,2 пайызға жетіп, төмендеуді жалғастырды.


Соңғы жаңалықтар