Банк шартын оқу кезінде неге баса мән беру керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банктен қарыз алу кезінде шарттың қай тұсына баса маңыз берілуі керектігін мультфильм арқылы түсіндіріп берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Банкте ең маңызды құжаттарды ұсақ шрифтімен береді, комиссияның барлығын да көрсетпейді немесе құжаттармен таныстыру барысын дұрыс жүргізбейді деген ойлар кездесіп қалып жатады. ҚР Ұлттық банкінің талаптарына сәйкес, банк шартының барлық мәтіні бір мөлшерде және бір шрифтте басылуы керек», - дейді мультфильмде.

Ұлттық банкте атап өткеніндей, шарт - құжаттың ең маңыздысы, сол себепті оған жауапты түрде қарау керек. Әсіресе, банктен қарыз алу туралы шарт ерекше назармен қаралуы тиіс. Көп жағдайда тұтынушылар шарттың бүге-шүгесіне дейін түсіне білуі үшін банктер шарттардың типтік қызметтерін ресми сайттарында жариялайды.

«Сонымен бірге, шартта сыйақының кесімді (номиналды) төлемі мен сыйақының жылдық тиімді төлемі де көрсетілуі тиіс. Банк тұтынушыларға қарызға қатысты барлық тарифтер мен комиссиялар туралы ескертіп отыруы керек. Шартқа қол қою - заңгерлік тұрғыда міндеттемелерді жүктейтінін ұғына білген абзал. Шартқа отырарда жауапты болыңыз», - деп кеңес береді Ұлттық банкте.

Соңғы жаңалықтар