Банк салымшыларының барлық қаражаты сақтаулы тұр – Қаржы нарығын реттеу агенттігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта банк салымшылары үшін еш қауіп-қатер жоқ және банк клиенттерінің барлық қаражаты толық сақтаулы тұр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттің капиталды елден заңсыз шығаруды қадағалау және жолын кесу тапсырмасын орындау аясында Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу агенттігінің және Қаржы мониторингі агенттігінің халықаралық төлемдер мен ақша аударымдарын бақылауды күшейту жөніндегі бірлескен бұйрығы қабылданды. Осы механизм шеңберінде біз әрбір операциядағы күдік белгілері бар-жоғын тексереміз. Қазіргі уақытта банк салымшылары үшін еш қауіп-қатер жоқтығын және банк клиенттерінің барлық қаражаты толық сақтаулы тұрғанын баса айтқым келеді», - деді Александр Терентьев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, «Банк құпиясы туралы» заңға сәйкес, жұмыс толық көлемде жүргізілгеннен кейін ғана егжей-тегжейлі ақпарат беріледі.


Соңғы жаңалықтар