Банк қызметкерімін: Алаяқ Атырау тұрғынының 1,5 млн теңгесін жымқырған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Өзін банк қызметкері деп таныстырған алаяқ Атырау тұрғынының 1,5 млн теңгесін жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Арызданушының айтуынша, 2 қараша күні Атырау қаласында тұратын 29 жастағы тұрғынға белгісіз адам WhatsApp желісі арқылы өзін Халық банктің қызметкері ретінде таныстырған. Содан соң оның есепшотынан белгісіз адамның несие рәсімдеп жатқанын айтып, жеке мәліметтерін сұраған. Сөйтіп, атыраулық тұрғынның банктегі есепшотынан 1 млн 500 мыңға жуық теңгесін алаяқтық жолмен басқа есепшотқа аударып алғаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын анықтады. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері интернеттегі алаяқтықтың 550 дерегі тіркелгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар