Банк депозиттерінде қазақстандықтардың 19,9 трлн теңгесі сақтаулы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Банк жүйесіндегі депозиттер 19,9 трлн теңге болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы маусым айының соңында банк жүйесіндегі депозиттер теңгедегі салымдардың өсуі есебінен жыл басынан бері 4,4 пайызға немесе 846 млрд теңгеге ұлғайып, 19,9 трлн теңге болды», - деді Ұлттық банк басшысы Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, ұлттық валютадағы салымдар 11,9 трлн теңгеге дейін 10,2 пайызға өсті. Валюталық салымдар биылғы маусым айының соңында 3,1 пайызға (немесе 258 млрд теңгеге) азайып, 7,9 трлн теңге болды.

Нәтижесінде, депозиттердің долларлану деңгейі осы жылғы маусым айында 40 пайызға дейін төмендеді (2019 жылғы желтоқсанда 43,1%).


Соңғы жаңалықтар