USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Банк акционерлерінің депозиттерін Ұлттық банк капиталға айналдыра алады

2018 жылғы 6 қараша 14:19
Бөлісіңіз:
Банк акционерлерінің депозиттерін Ұлттық банк капиталға айналдыра алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков бүгін Алматыда өткен «Өңірлік экономиканың даму перспективалары: Кавказ және Орталық Азия» жиынында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында ол екінші деңгейлі банктердің жұмысын реттеуге мүмкіндік беретін заң нормаларын қатайту туралы да сөз етті.

«Менің ойымша, ең алдымен банктің жақсы бизнес-портфелінің болуына назар аудару керек. Қателік жасауға болмайды. Бір ағаттықтың өзі бизнестің, акцияның құнына әсер етеді. Сонымен қатар, банктердің жұмысын бақылауды ынталандырамыз. Бұл солардың мүддесі үшін керек, біз оларға қолдау көрсетпейміз. Жаңа заңнамада 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз мынадай тетік енгізіп жатырмыз. Банк акционерінің өзі сол банктен депозит ашуы ықтимал. Сол байланған депозит болып саналады. Біз реттеуші ретінде банктердегі барлық байланған депозиттерді капиталға айналдыра аламыз. Енді Ұлттық банк бұл депозиттерді банктің жарғылық капиталына айналдырады»,- деді Олег Смоляков.

Оның айтуынша, Ұлттық банк байланыстағы несиелермен белсенді түрде күреспек.

«Бұл үшін біз 1,5 жылдан бері банктерді лицензиядан айырып келеміз. Егер лицензиясынан айрылған банктерді біріктіретін болсақ, елдегі бүкіл банк жүйесінің 5 пайызы болып шығады. Яғни, осы несиелердің көпшілігінің иесі банк акционерлері немесе оның туыстары болып шыққан. Бұл нәрсені өзгерту керек. Бұған бірінші кезекте банктер өздері мүдделі болуы тиіс», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT