+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Бангладештегі циклоннан 13 адам қаза тапты

2019 жылғы 11 қараша 07:23
Бөлісіңіз:
Бангладештегі циклоннан 13 адам қаза тапты

БАНГЛАДЕШ. ТАСС-ҚазАқпарат – Жексенбі күні Бангладеш жағалауын шарпыған «Бульбуль» циклоны кем дегенде 13 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 19 адам мерт болды Ұлыбританияда жойқын су тасқынынан 6 адам көз жұмды Гаитиде балалар үйіндегі өрт 15 баланың өмірін қиып кетті

Бұған дейін агенттік 6 адамның мерт болғып, 30 адам зардап шеккенін және 36 тұрғын із-түзсіз кеткенін хабарлаған еді. Бангладеш билігі жағдайда бақылауға алғанын мәлім етті.

«Жағдайды тұрақтандыру үшін екі күн уақыт керек», - деп мәлім етті елдің төтенше жағдайлар министрлігінен.

Үкіметтің бастамасымен жағалауда тұратын 2 млн жуық адам эвакуацияланып, уақытша баспанаға жайғасты. Циклон 6 мыңнан астам үйдің тас-талқанын шығарды. «Бульбуль» циклоны елдің бүкіл жағалаулы аймақтарын қамтыды, сөйтіп батыстағы Үндістанның Батыс Бенгалия және Одиша провинцияларына қарай бет алды. Циклон өзімен бірге нөсер жаңбыр мен екпіні секундына 28-33 метрге дейін күшейетін қатты желді ала келеді.

Фото: Getty Images

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT