Бангладеште тұрғын үй өртеніп, 70-ке жуық адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеш астанасы Дакка қаласында болған алапат өрттен жетпіске жуық адам қаза тапты. Құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ВВС-ге сілтеме жасап.

Кеше кешкісін қаланың тарихи орталығындағы көп қабатты үйден өрт шыққан. Апат салдарынан 69 адам қаза тапқан, бірақ құрбандар саны сағат сайын артып барады. Бангладеш өрт сөндіру қызметінің басшысы Әли Ахмедтің айтуынша, тілсіз жауға тұрмыстық газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін.

Дакканың тұрғындары өте тығыз тұрады. Көп ғасырлық тарихы бар Чавкбазар ауданының көшелері тар, ал ғимараттар бір-біріне жақын орналасқан. Сондықтан өрт шыққан кезде бірден кептеліс болып, көршілес ғимараттарды да жалын шарпыған.

Қазір өрт ауыздықталып, жағдай бақылауға алынды.

Соңғы жаңалықтар