Бангладеште полиция учаскесін жарып жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бангладеш астанасы Дакка қаласындағы полиция учаскесінің аумағында болған жарылыс салдарынан кем дегенде бес адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Dhaka Tribune газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымдағы жазуынша, сейсенбі күні түнде құқық қорғаушылар өздерімен жарылғыш зат алып жүрген үш лаңкесті ұстаған. Оқиға оны залалсыздандыру әрекетін жасағанда орын алған.

Зардап шеккен бес адамның төртеуі – полиция қызметкерлері. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар