Бангладеште паромда болған өрт 38 адамның өмірін қиып кетті

None
None

ДАККА. ҚазАқпарат – Бангладештегі Суганда өзеніндегі паромда болған өрт салдарынан кем дегенде 38 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде біз 38 адамның денесін анықтадық», - деді Бангладеш оңтүстігіндегі келеңсіз жағдай орын алған Джалокати аймағы өрт сөндіру қызметінің аға қызметкері Калам Хосейн Бхуйян. Өрт жергілікті уақытпен шамамен түнгі сағат 3-те болғандығы хабарланып отыр.

Жалын Джалокати арқылы Даккадан Баргунаға бағыт алған паромның машина бөлімінен шыққан.

Джалокати ауданының әкімшісі Зохор Әлидің айтуынша, қаза болғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі ауруханаға 50-ден астам адам түскен. Кейбір жолаушылар із-түссіз жоғалған деп есептелуде, ал кейбіреулерінің жағдайы өте ауыр.

Өрттің шығу себебі анықталатын болады.


Соңғы жаңалықтар