Бангладеште Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дакка қаласының еңбек даулары жөніндегі соты бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері, экономист Мұхаммед Юнусты қамаққа алуға ордер берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Geo.tv телеарнасына сілтеме жасап.

79 жастағы Юнусқа өзі басқаратын Grameen Communication компаниясының үш қызметкерін заңсыз түрде жұмыстан шығарды деген айып тағылған. Биыл жазда олар компания басшысымен қоса тағы екі адамды заңсыз әрекеттерге барды деп айыптаған.

Олар 8 қазан күні сотқа келуі тиіс еді. Бірақ соттың шақыруына жауап болмаған соң, Юнус қамаққа алынған.

2006 жылы Юнус және ол басқаратын Grameen банкіне Нобель сыйлығы берілген еді. Банк кедейлерге берген кепілсіз несие олардың кәсіп ашып, әл-ауқатын жақсартуына септігін тигізген. Юнус басқарған банктің осы игі амалы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына лайық деп танылған.


Соңғы жаңалықтар