Бангладеште қойма жарылып, 50-ге жуық адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бангладештің Читтагонг қаласының маңындағы қоймада болған өрт пен күшті жарылыс салдарынан 49 адам қаза тауып, 450-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News арнасына сілтеме жасап.

Өрт Ситакунда қаласынан шықты. Бұл қала – Читтагонгтегі басты теңіз портының жүктері өтетін негізгі пункт. Қоймада құны бірнеше миллион долларға бағаланған тауар болған 4 мыңға жуық контейнер сақталған.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық, ол бірнеше шақырымға дейін естіліп, жарылыс толқынынан жақын маңдағы ғимараттардың терезелері сынған. Көптеген адамдар із-түзсіз жоғалды, соның ішінде жарылыс алдында өрт туралы хабарлаған тілшілер де бар.

Dhaka Tribune басылымының хабарлауынша, 2005 жылдан бері Бангладештегі өндірістік апаттардан 1500-ден астам адам қаза тапқан .


Соңғы жаңалықтар