Бангладеште қайықтағы 16 адамды найзағай соғып, мерт болды

None
None
ШИБГАНДЖ. ҚазАқпарат – Бангладеште үйлену тойының 16 қонағын найзағай соғып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Bangladesh басылымына сілтеме жасап.

Оқиға сәрсенбі күні күндіз елдің солтүстігіндегі Шибгандж округінде қонақтар Падма өзенінде қайықпен жүзіп жүргенде болған.

Полицияның мәліметінше, тағы алты адам зардап шеккен. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді. Билік қаза тапқандардың саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.


Соңғы жаңалықтар