Валюта бағамдары:
    usd/kzt 426.77 eur/kzt 509.95

    rub/kzt 5.89 cny/kzt 66.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 10 °С
Алматы: 18 °С

Бангладеште қайық баржамен соқтығысып, 25 адам мерт болды

2021 жылғы 3 мамыр 15:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бангладештің орталық бөлігіндегі өзенде қайық пен баржа соқтығысып, салдарынан 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Шибчар қаласының маңындағы Падма өзенінде болған.

«Біз бес адамды құтқарып, 25 адамның денесін таптық», - деді Жергілікті полиция бастығы Мираз Хоссейн.

Ал Reuters агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандар саны 26-ға жеткен. Полицияның тағы бір өкілі өрт сөндірушілер мен жергілікті тұрғындар құтқару жұмыстарын жалғастырып жатқандығын, өйткені бірнеше адамның хабар-ошарсыз кеткенін айтты.


Автор:

Гүлзат Ақжолова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар