Бангладеште автобус апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты

Фото:
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат - Бангладештің оңтүстігінде автобус апатынан 19 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаза болғандар саны 19-ға жетті. Кем дегенде 12 адам ауыр жарақат алды. Олар Дакка университетінің ауруханасына жеткізілді», - деді жергілікті полиция.

Agence France Presse агенттігінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары жүргізушінің басқаруды жоғалтқанын, соның салдарынан автобус тоғыз метр биіктіктен құлағанын атап өтті.

Бангладеште жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны жыл сайын артып келеді. Үкімет 2030 жылға қарай жазатайым оқиғалардың санын екі есеге азайту міндетін қойды.

Соңғы жаңалықтар