Бангладеш мешітіндегі жарылыс: 11 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні кешке Бангладештегі мешітте алты кондиционердің жарылуы салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Bdnews 24 агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, оқиға кезінде мешітте бірнеше адам намаз оқып жатқан.

Жарылыс салдарынан мешіттің терезелері қирап, төбеде орнатылған ауа желдеткіштерінің жанып кеткені хабарланып отыр.

Алдын ала нұсқа бойынша, жарылысқа құбырдан шыққан газдың мөлшерден тыс жиналуы себеп болған.


Соңғы жаңалықтар