Бамбук, күнбағыс, баобаб: Әлемдегі ең ғажайып шыршалар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі фотограф-жиһанкез Игорь Петраков «Елки-палки» вернисажында әлемдегі ең ерекше жаңажылдық шыршаларды көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автор өзі сапарлаған елдердегі ең ерекше шыршаларды суретке түсіріп жүрген. Фотограф бұл қызығушылығын 4 жыл бұрын Вьетнамдағы күнбағыс гүлін суретке түсіруден бастаған.

Жаңа жылда шыршаны әрлеу дәстүрі Германия елінен келген. Бұл дәстүр христиан дінінің алдында пайда болған.

Әсіресе, ертеректе Еуропа халқы қылқан жапырақты ағаштардың ұшар басында жойқын күш барына сенген. Аңыздарға сүйенсек, ең алғашқы шыршаны безендіру Мартин Лютер заманында 1605 жылдары басталған. Сол жылдары шыршаларды адамдар алмамен, жаңғақтармен әрлеген.

Қазіргі заманда жаңа жылдық шыршалардың түр-сипаты әралуан. Мәселен, Қытайда жаңа жылдық шырша ретінде - мандарин ағашы,  Египетте - шынар, Үндістанда  - інжір, Жапонияда  - алхоры ағашы безендіріледі. Вьетнамда жаңа жылдық шырша ретінде бамбукты әрлейді.

Африкада шырша өспейтіндіктен, бұл елдерде баобаб ағашы ортаға қойылады. Судан Корольдігінде  жаңа жыл символы ретінде жаңғақ ағашы танылған.

Ганада Жаңа жылда адамдар пальма жапырақтарынан үйлер салады.

Ал Никарагуа халқы жаңа жылда кофе ағашын айналады.

Бали аралының тұрғындары жаңа жылда ағаш пайдаланбайды. Олар түрлі мұнараларды түрлі-түсті бояулармен бояғанды құп көреді.

Ал Филиппинде тұрғындар жаңа жыл кезінде тірі ағашты мүлде қолданбайды. Бұл елде жаңажылдық шыршалар пластик пен сымдардан жасалады. Мексикандықтар да пальмаларды әрлегенді ұнатады.

Ал кубалықтар кактустарды түрлі жылтырақтармен әрлеуге әуес.

Қытайлық Фэн-шуй пәлсапасына сенсек, шырша ағашы ақша шақыратын ағаш түріне жатады. Сондықтан, қаржылық  мақсатта Жаңа жыл кірерде әр үйде шырша тұрғаны абзал. Оны әдемілеп әрлеп үйдің оңтүстік шығысына орналастыру керек.

Биыл алматылықтар да жаңа жылдық шыршаны безендіруге тың идеяларын қосты. Кез келген ғимаратта мейрамның келгенінен хабар беретін қызықты инсталляциялар пайда болған.

Атап айтқанда, банктердің бірінде доллар шыршасы пайда болса, Арасан моншасында монша шыршасы пайда болған.

Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар