Балжан Сейілова: Мұнай мен валюта нарығындағы өзгерістер - уақытша құбылыс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай мен валюта нарығындағы өзгерістер - уақытша құбылыс. «Қаржы полициясы органдары ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Балжан Сейілова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жағдай тек біздің елде ғана емес, яғни барша әлемде орын алып отырған дағдарыс. Коронавирус, мұнай бағасының құлдырауына біз себепші емеспіз ғой. Бұл өз кезегінде мұнай бойынша әлемдік саясатта туындаған келіспеушіліктің салдары. Менің ойымша, долларға шаққандағы теңге бағамының өзгеруі - уақытша құбылыс, алдағы уақытта барлығы лайықты деңгейінде тұрақтайды», - деді бірлестік төрайымы.

Оның пайымынша, ҚР Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралар өзінің оңтайлы нәтижесін көрсететін болады.

«Сондықтан дүрбелең жасаудың реті жоқ деп ойлаймын. Негізі, мұнайдың құны бірде көтеріледі немесе кей жағдайда төмендейтіні нарықтық үрдіс. Сәйкесінше, әлемдік экономикадағы өзгерістер барша елді шарпығанын көріп отырмыз. Осы орайда бұл жағдай бізге де әсер етті. Осының салдары ұзаққа созылмайды деп санаймын. Жалпы, Үкіметтің барлық міндеметтемелерін орындайтыны маңызды», - деді Балжан Сейілова.

ҚазАқпарат бұған дейін әлемдік мұнай бағасының құлдырағанын және осыған орай ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк мұнай нарығындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасағандығын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар