+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Балықтың қырылуы: Сенатор күдікті-субъектілердің тексерісіне қатысты пікір білдірді

2019 жылғы 17 сәуір 21:37
Бөлісіңіз:
Балықтың қырылуы: Сенатор күдікті-субъектілердің тексерісіне қатысты пікір білдірді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысына келген Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов балықтардың қырылуына күдікті субъектіге тексеріс уақыт күттірмей жүргізілуі тиістігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Алайда, тергеу барысында балықтың дәл неден қырылғаны да, судың қалай уланғаны да анықталған жоқ. Меніңше, оған тексерістің тым кеш басталғаны себеп болды. Бүгінде, бақылау органдары тексерісті бастау үшін прокуратурадан рұқсат алуы тиіс. Оған белгілі бір уақыт кетеді. Қазіргі заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. Экологиямен, адам денсаулығымен байланысты төтенше жағдайлар кезінде қадағалау органдарында тексерісті апат болған күні бастауға мүмкіндік беретін құқығы болуы тиіс. Прокуратура органдарының рұқсатынсыз-ақ», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Жайық өзенінде балықтар жаппай қырылған болатын. Жалпы 120 тонна балық соның ішінде, 36 мың орыс және Сібір бекіресі қырылған.


Автор: А. Соколов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT