Балық аулауға квоталарды бөлуге қатысты өзгерістер болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Су айдынын көбірек балықтандырсаң – көбірек квота аласың» қағидатына көшу бөлігінде квоталарды бөлу ережесіне өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, балық аулауды реттеу тетіктерін жетілдіру және балықты заңсыз аулағаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында заң жүзінде тиісті шаралар қабылданды.

«Біріншіден, балық ресурстарын пайдаланғаны үшін жылдықтың орнына тоқсан сайынғы төлем енгізілді. Бұған дейін бизнес рұқсат алғанға дейін балық аулау төлемдерін төледі, бұл айтарлықтай қаржылық жүктеме болды және көбінесе несие қаражатын алуға немесе оларды айналым қаражатынан алуға мәжбүр етті. Осы өзгерістерді ескере отырып, биылдың наурыз айында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі тиісті сәйкестендіруден өткізілді», - деді Н. Жүнісов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бөлек, балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру тетігі өзгертілді, ол аукцион өткізуді көздейді.

«Сонымен қатар, «Су айдынын көбірек балықтандырсаң – көбірек квота аласың» қағидатына көшу бөлігінде квоталарды бөлу ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді балық аулауға квоталарды бөлу кезінде бекітілген су айдындарын пайдаланушылардың балық жіберу көлемі ескерілетін болады», - деді комитет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясында балық өсіру қай деңгейде артатыны айтылды.


Соңғы жаңалықтар