+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

«Балуан Шолақ» фильмі Үндістандағы ең беделді фестивальге қатысып жатыр

2019 жылғы 20 қараша 21:34
Бөлісіңіз:
«Балуан Шолақ» фильмі Үндістандағы ең беделді фестивальге қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Режиссер Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ» фильмі 20-28 қараша аралығында Гоа штатындағы 50-ші Үндістан халықаралық кинофестивалінің «Әлімдік панорама» бағдарламасына қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Аталмыш кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

Биыл көктемде ұлттық прокатқа шыққан тарихи кинолента палуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың өмірі туралы баяндайды.

Үндістан халықаралық кинофестивалі 1952 жылдан бері жергілікті үкіметтің қолдауымен өткізіліп келеді. Байқаудың негізін қалаған Джавахарлал Неру салған. Үндістандағы ең беделді және Азиядағы ең көне кинофестивальдің мақсаты – әлемдегі фильмдерді бір алаңға жинап, көрермендерді кино өнерінің ең үздік туындыларымен таныстыру.

Әр жылдары бұл фестивальге Шакрукх Хан, Амитабх Батчан, Шекхар Капур сынды басқа да аты аңызға айналған киногерлер қатысқан. Осы мәдени іс-шара барысында Анг Лидің «Пидің өмірі» және Жастин Чедвиктің «Бостандыққа барар ұзақ жол» сынды әлемдік кинематографта танымал кинотуындылар көрсетілген.

Биыл фестиваль өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Әлемнің көптеген кино жұлдыздары қатысатын бұл байқаудың бағдарламасы да қызықты болады дейді ұйымдастырушылар. «Алтын Глобус» жүлдесінің иегері, танымал француз актрисасы Изабель Юппер фестивальдің құрметті қонағы болмақ. Фестиваль барысында актрисаға кино өнеріне қосқан үлесі үшін жүлдесі табысталатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT