Балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 1/8 финалында кубалық әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдеспен кездесті. Екеуара кездесу 21:11 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.

Белдесудің басым бөлігін кубалық балуан 9:2 есебімен жеңіп тұрғанда Дәулет Ниязбеков үздіксіз нәтижелі әдіс жасап белдесу аяқталғанша 21 ұпай еншіледі. Ережеге сәйкес, ұпай айырмашылығы 10 ұпай болғандықтан Дәулет Ниязбековке уақытынан бұрын техникалық жеңіс берілді.


Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар