Балуан Данияр Қайсанов Олимпиадаға жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпара - Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тіліші.

74 келіде белдескен Данияр Қайсанов кеше өткен ширек финалдық бәсекеде әлем үздігі, италиялық Франк Чемизодан ұтылған болатын. Чемизо өз кезегінде финалға жолдама алып, Қайсановқа жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі берілді.

Бүгін өткен жұбаныш бәсекесінде Данияр Оңтүстік Корея өкілі Ли Сын-Чхольді 6:0 есебімен ұтып, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бүгін кешкі сессияда өтетін кіші финалда Данияр Қайсанов франциялық Зелимхан Хаджиевке қарсы кілемге шығады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еркін күрестен 70 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан балуанымыз Нұрғожа Қайпанов бүгін алтын медаль үшін белдесетіні туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар