Балконнан құс атқан көкшетаулыққа айыппұл салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда балконнан шағалаға оқ атқан ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық ПБ қызметкерлері Instagram -да жарияланған белгісіз ер адамның тұрғын үй балконынан бірнеше рет оқ атқаны туралы роликті анықтаған.

«Тексеріс барысында бейнероликтегі Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол өзінің анасымен тұрады. Мылтық оған 15 жыл бұрын қайтыс болған әкесінен қалған», - дейді ведомстводан.

Анықталғандай, 13 қыркүйекте ер адам үйінің балконына шығып, үй ауласындағы қоқыс жәшігінің үстінен ұшып жүрген шағалаға мылтықтан оқ атқан. Ер адам құстардың шулаған дауысы ұйқы бермегендіктен осындай қадамға барғанын айтып ақталды.

«Осыған байланысты ер адамның Қылмыстық кодекстің 436-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталып, 20 айлық есептік көрсеткі көлемінде айыппұл салынды. Сонымен бірге, тәртіп сақшылары одан 4,5 мм калибрлі «ИЖ-38» мылтығы мен 48 дана оқты тәркіледі», - деп толықтырды ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар