Балконнан кірді: Степногорскіде пәтерде қамалып қалған балалар құтқарылды

None
None
СТЕПНОГОРСК. ҚазАқпарат – Ақмола облысында үйінде қамалып қалған екі балдырған балкон арқылы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 қыркүйек күні Степногорск қаласының өрт сөндіруші-құтқарушыларына Степногорск қаласы, 9-шағынаудан мекенжайы бойынша пәтерге кіру үшін полиция қызметкерлеріне көмек қажеттігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті.


Келген бойда 5 қабатты үйдің 2-ші қабатында сыртқы есікті ішінен жауып алып, аша алмай тұрған кішкентай балалар бар екені белгілі болды. 3-МӨСБ кезекші ауысымы жағдайды бағалап, полиция қызметкерлерінің қатысуымен үш иінді баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кірді. Балалар құтқарылды», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

«Ағасы мен қарындасы екі-үш жаста болса да, балалардың бізден қорықпағаны қуантады. Ата-аналарға балаларға өрт сөндірушілер туралы бұрын айтқандары үшін рахмет. Өйткені олар бізді көріп, жыламады. Ата-аналардан балаларын жалғыз қалдырмауды сұраймыз. Бұл жолы барлығы сәтті аяқталды, бірақ көбінесе балалар, жалғыз қалғанда сіріңкемен ойнайды, мұндай кездерде қайғылы жағдай орын алуы мүмкін» – деді Степногорск қаласының 3-МӨСБ аға инженері Ахетов Руслан.


Соңғы жаңалықтар