Балқаштағы желқайық спортынан әлем чемпионатында аударылған кемеден 5 жарысқа қатысушы құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Желқайық спорты бойынша әлем чемпионаты өтіп жатқан Балқаш көлінде аударылып кеткен кемеден 5 адам құтқарылды, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

«Жарыстың бірінші күні үшбұрышты арақашықтық бойынша жарыс басталғанда, кеме аударылып, судан құтқару қызметінің құтқарушылары 5 қатысушыны құтқарып, жағалауға жеткізді. Бұдан басқа, құтқарушылар 3 аударылған кемені және 2 зақымданған кемені жағаға шығарды», - делінген хабарламада.

Апатты медицина орталығының кезекші дәрігерлерінің көмегіне 5 адам жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, чемпионат өткізу уақытында жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының апаттан құтқару қызметінің тобы құрылып, олар қажетті құралдармен жабдықталды. Судан құтқару күзеті ұйымдастырылды. «Чемпионат кезеңінде 10 құтқарушы, 2 құтқару кемесі, 2 құтқару қайығы кезекшілік етеді. Құтқарушы-сүңгуірлер, Апат медицинасы орталығының жедел көмек бригадасының дәрігерлері қашықтықтан жүзіп өтуде қатысушылармен бірге еріп жүреді», - делінген хабарламада. Апатты медицина орталығының дәрігерлері көл жағасында да кезекшілік етуде. Бұдан басқа, чемпионат лагерінде Приозерск қаласындағы ӨБ №47 өрт сөндірушілері тұрақты кезекшілік етуде. Айта кетейік, 15 маусымда Балқаш көлінде «Балқаш-2014» жиылмалы және үрлемелі желкенді қайықтағы жарыс бойынша әлем чемпионаты басталды. Чемпионаттың базалық лагері мен маршруттық жарыстың сөресі және мәресі Приозерск қаласында орналасқан. Сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінен 38 кеме қатысуда. Жарыс 22 мауысымда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар