Балқаштағы тұрмысы төмен отбасылардың балалары тұзды үңгірде тегін ем алады

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаштағы тұрмысы төмен отбасылардың балалары жергілікті сауықтыру орталығында галотерапия алады.

Оның жетекшісі Мақсат Мүсілім осы жылдың ақпан айында №1 емхана жанындағы «Ғибрат» жастар денсаулығы орталығымен бірге қызмет көрсету туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауықтыру шараларына ЖРВИ, бронхит, пневмония, сондай-ақ ЛОР-аурулары бар жас балқаштықтар келеді. Галотерапия иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Бір сеанс 45 минутқа созылады. Осы уақыт ішінде «пациенттер» дамыту ойындарымен айналысады, құмға сурет салады немесе мультфильмдер көреді.

Жоба іске қосылғаннан бері 80-ге жуық жас ем алды.

«Біздің компания адамдардың денсаулығын сақтауға арналған. Біз үшін қайырымдылық жай ғана сөз емес. Бұл игі іс жасауға деген мүмкіндік. Тұз үңгірі баланың бүкіл ағзасына емдік әсер етеді және иммунитетті нығайтуға көмектеседі, бұл пандемия кезінде өте маңызды», – деп атап өтті Мақсат Мүслім.


Соңғы жаңалықтар