Балқашта жұмысшы 17 метрлік биіктіктен құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаштағы металлургия зауытында  17 метрлік биіктіктен құлаған жұмысшы жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Қайғылы оқиға жұмыс істеп тұрған зауыт аумағында болған. Мердігер ұйым көршілес ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. 17 метр биіктіктен құлаған монтаждаушы ауыр жарақат алып, бас-сүйек зақымдануы және ішкі ағзаларының жарылуымен ауруханаға жеткізілді.

Балқаш ауруханасындағы травматология бөлімінің меңгерушісі Мақсат Нұртазиннің айтуынша, ота барысында зардап шегушінің көкбауыры алынып тасталған.

«Көкбауыр жарылғандықтан алынып, құрсақ қуысына білте қойылды», - деді дәрігер Мақсат Нұртазин.

Балқаш өңірі бойынша еңбек заңнамаларын бақылау бөлімі өндірістегі қайғылы оқиға бойынша тексеру тағайындалғандығын мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар