Балқашта жоғалған студенттер дронмен іздестірілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш қазіргі заманғы гуманитарлық университетінің студенттері көлге балық аулауға шығып, із-түзсіз кеткен курстастарын іздеу жұмыстарына жұмылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз ЖОО-ның студенттерін Арман Бораш мен Батырхан Жүнісов іздеу жұмыстарына қосылуға шақырдық. Ендігі кезекте студенттерден құралған кешенді іздеу тобы жұмыс істеп жатыр», - дейді белсенді Жасұлан.

Сондай-ақ балықшы-студенттерді іздеу жұмыстарына дрон қызметі пайдаланылмақ. Ұшатын аппарат студенттер кетіп қалуы мүмкін аумақты толық қамтымақ.



Еске салайық, 24 қыркүйектен бері балықшылар - 20 жастағы Арман Бораш пен Батырхан Жүнісовтар табылмай жатқандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз . 

Соңғы жаңалықтар