+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Балқашта жоғалған екі балықшы табылмай жатыр

2018 жылғы 16 қараша 20:02
Бөлісіңіз:
Балқашта жоғалған екі балықшы табылмай жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Балқаш көлінде хабар-ошарсыз кеткен екі балықшыны іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 12 қарашада Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Мыңарал ауылының төрт тұрғыны Балқаш көліне балық аулауға барып, хабар-ошарсыз кеткен еді. Оларды іздеуге Қарағанды облыстық ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары жұмылдырылған. Артынша, Жамбыл облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының күштері келіп қосылған.

Сол күні тұрғындар екі балықшыны дін аман тапқан. 13 қарашада жағалаудан 700-800 метр арыда жоғалғандардың біріне тиесілі деген қорғаныс костюмы, суға батқан ау табылған. Бір балақышының әкесі оның ұлының торы екенін растаған.

ТЖД қызметкерлері Мыңарал ауылының 25 жастағы екі тұрғыны - Е. Орынбеков пен Д. Шораевтың іздестіріліп жатқанын жеткізді.

«Іздеуге 5 сүңгуір, 32 жергілікті тұрғын жұмылдырылған. Пайдаланылып жатқан 5 жүзу құралының төртеуін балық зауыты мен жергілікті тұрғындар берген. Жоғалғандарды ұзындығы 1500 метр болатын сүзекімен іздеп жатыр. Аударылған катер мен тор табылған маңайда 1 шақырымнан астам кеңістік тексерілді», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

ТЖД ситуациялық орталығында жедел штаб құрылып, 51-35-75 нөмірімен «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылған.

Қосымша ТЖД Жедел құтқару жасағының 4 қызметкері «УАЗ» автомобилімен жіберілді, жүзу құралы бөлінді. Тараздан Еурокоптер-145 UP-ЕС027 тікұшағы ұшырылды. Оқиға орнына ТЖД бастығының орынбасары Талғат Сабыров келді.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда балықшылар алай-дүлей жел мен толқын салдарынан жоғалған.

Күннің суытуы, екпіндеткен жел және көл бетінің мұздауы іздеу жұмыстарын қиындатып жатыр. Қазір Балқаштың бетінде 2-10 см аралығында мұз қаптаған.

Төтенше жағдай департаментінің мәлімдеуінше, қазан-қараша айларында Жамбыл облысы аумағында 2 адам су бетінде қайтыс болып, 3 адам батып кеткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT