Балқашта жоғалған балықшылардың туыстары көпшіліктен көмек сұрады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш көлінде із-түссіз жоғалып кеткен балықшылардың туған-туыстары Ақтоғай ауданы және Балқаш қаласының тұрғындарын іздестіру жұмыстарына атсалысуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 қыркүйектен бері балықшылар - 20 жастағы Арман Бораш пен Батырхан Жүнісовтар табылмай жатыр. «Қайығы және басқа да жабдықтары бар, болып жатқан оқиғаға бей-жай қарап отыра алмайтын азаматтардың барлықтарын іздестіру жұмыстарына атсалысуын сұраймыз», - дейді табылмай жатқан Арманның ағасы Қабыл.

Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы іздестіруді жалғастырып жатқанына қарамастан, балықшылардың туған-туыстары іздеу ауданын кеңейтіп, іздестіруге жұмылдырылғандардың санын көбейткісі келеді.
Еске сала кетсек, екі жігіт 24 қыркүйек күні таңертең Балқаш көлінде балық аулау үшін «Прогресс-4» катерімен Тасарал аралынан оңтүстікке қарай 25 шақырым жерге аттанған. Сол күннен бері балықшылар хабар-ошарсыз кеткен.

Соңғы жаңалықтар