Балқашта заңсыз балық аулаған ер адамдар ұсталды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полицейлері Балқаш көлінде рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 қаңтар күні табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, сондай-ақ департаменттің арнайы мақсаттағы қызметкерлерімен және Балқаш қаласы балық инспекциясы мамандарымен бірлесіп жүргізген кешенді іс-шаралар барысында көлде балық аулап отырған екі азаматты ұстады. Ұсталғандардың әрқайсысынан бір қап балық және балық аулауға тиым салынған заттар тәркіленді.

Мәселен, Жамбыл облысының 34 жастағы тұрғынынан 57 келі әртүрлі балық пен 300 метр тиым салынған ау, 31 жастағы жергілікті тұрғыннан 78 келі балық пен 200 метр ау тәркіленіп алынды. Келтірілген шығын көлемі 739 мың теңгені құрады.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: polisia.kz


Соңғы жаңалықтар